Ақтөбе облысында 25 маусымда осындай атаумен науқан басталады.
Науқан екі кезеңмен өтеді: 25 маусымнан 10 тамызға дейін және 11 тамыздан 25 қыркүйекке дейін.
Оған 25 маусым мен 25 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы кез келген екпенің бірінші компонентін алған тұлғалардың барлығы қатыса алады. Жеңімпаздар  "AQTOBE" телеарнасының тікелей эфирінде кездейсоқ тәртіпте анықталады.

Әр кезеңнің басты жүлдесі - 2021 жылы шыққан Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік.
Сондай-ақ, смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен смарт сағаттар сияқты аралық жүлделер де ойнатылатын болады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілуде.
Толығырақ ақпарат @vakcina_aktobe аккаунтында (барлық сұрақтарды  директке, түсініктемелерде жаза аласыз) немесе aktobe.gov.kz сайттында.