‼️Британдық короновирус штамының өлімге әкеп соқтыруы 40%-ға көбірек
Британдық штамм (SARS-CoV-2 B. 1.1.7) – коронавирустың мутацияланған штамына жөтел, қатты шаршау, тамақтың және бұлшықеттің ауырсынуы сияқты белгілер неғұрлым тән, бірақ иіс сезудің жоғалуы "қытайлық" нұсқаға қарағанда аз байқалады, деп хабарлады Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық қызметі.
Ол штамм алғаш рет қыркүйек айында табылды. Қараша айында Лондондағы жаңа инфекциялардың 25%-ында коронавирустың жаңа штамы анықталды, желтоқсанның ортасына қарай ол шамамен 70%-ды құрады.