Жақында Қазақстандағы денсаулық сақтау саласында үлкен өзгеріс болады: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асады. МӘМС әр азаматқа қатысы бар. Сондықтан, дәл қазір медсақтандыру деген не, оның тиімділігі, мүмкіндіктері жайлы ақпарат алатын уақыт.
МӘМС қалай қатысуға болады?
- Алдымен мәртебеңізді анықтап алыңыз
Әркім әлеуметтік мәртебесін egov.kz порталына кіріп, мына сілтеме арқылы біле алады: https://idp.egov.kz/idp/login?lvl=2&url=http%3A%2F%2Fegov.kz%2Fservices%2FP6.02%2F
Ол үшін ЖСН енгізесіз де, мына әлеуметтік мәртебелердің бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар».
Егер мәртебеңіз әлі анықталмаса, бұл кемшілікті дереу түзету қажет.
Сіз – жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО барып, Жұмыспен қамту орталығы немесе әкімдікке тіркелуіңіз тиіс.Егер Сіз экономиканың бейресми саласында еңбек етсеңіз, онда ЖК ретінде ақша аударасыз немесе Біріңғай жинақтық төлем төлеуіңіз керек.
- Емханаға тіркелу
Тұрғылықты жердегі немесе уақытша тұрып жатқан жердегі емханаға тіркелуге болады. Сіз таңдаған емхана ауыл, елді мекен, қала, аудан, облыстық деңгейдегі қала, республикалық маңызы бар шаһар немесе астананың бірінде ғана болуы қажет.
Сондай-ақ, Сіз жалпы тәжірибелі дәрігерді немесе тіркеуде тұрған жеріңіздегі емхананың учаскелік дәрігерін таңдайсыз.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті Медициналық сақтандыру қорымен келісімге отырған мемлекеттік немесе жеке меншік емхана көрсетуі мүмкін. Медициналық мекемелердің тізімімына сілтемеде: https://fms.kz/ru/select-medical-inst
Емханаға қалай тіркелуге болады:
Еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркелуге болады. Бірінші авторизациядан өтіп, кейін тіркелесіз. «Денсаулық сақтау» бөліміне кіресіз. «Медициналық көмек», кейін «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық мекемеге тіркелу» таңдайсыз. Әріқарай «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдап, электронды жолға өтеміз де сұрау жібереміз. Сізді 1 күннен кейін тіркейді.
- Медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде ақша аудару керек.
Қорға қалай ақша аударуға болады?
Мен – жалдамалы жұмысшымын
Егер сіз – жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда жұмыс беруші айлық табысыңыздын 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 1 пайызын, 2022 жылдың 1 қаңтарынан – 2 пайызын қорға аударады.
Мен - фрилансер немесе ЖК
Егер сіз - фрилансер, яғни, азаматтық-құқықтық келісім бойынша қызмет көрсететін жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер болсаңыз, өзіңіз үшін ақша аударасыз. Медициналық сақтандыру қорына 2020 жылдың 1 қаңтарынан жарна төлейсіз. Келісім бойынша тапсырыс беруші (салық агенттері) жеке тұлғаның табысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылы 2 пайыз, 2022 жылы 3 пайыз ұстап, қорға аударады. ЖК 1,4 ЕТЖ 5 пайызын төлейді.
Мен – жұмыс берушімін
Жұмыс берушілер 2017 жылдың шілде айынан өз қаржысы есебінен әр қызметкердің табысының 1 пайызын Медициналық қорға аудара бастады. 2019 жылы 1,5 пайыз, 2020 жылы 2 пайыз және 2022 жылы – 3 пайыз аударады.
Бұның жұмысшы жалдап отырған ЖК мен ШҚ да қатысы бар.
Мен – өзін-өзі жұмыспен қамтушымын/БЖТ төлеушілер
Егер Сіз фрилансер, ЖК, жалдамалы қызметкерге жатпайтын болсаңыз немесе сүт сатушы, бала қараушы сынды тағы басқа жұмыстарды еш келісімсіз атқарсаңыз, онда Сіз біріңғай жинақтық төлем төлейтіндер қатарына қосыла аласыз.
Біріңғай жинақтық төлемнің үлесі:
- 10 % – жеке табыс салығы;
- 20 % – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік ақша бөлу
- 30 % – Біріңғай жинақтық зейнетақы қорына зейнеттік төлем;
- 40 % – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудару
Республикалық қалалар, астана және облыстық деңгейдегі шаһарлардағы БЖТ төлеушілерге ең төменгі табыс салығы мен әлеуметтік төлем 1 АЕК (2 525 теңге) ретінде, ал басқа елді мекен тұрғындарына АЕК екі есе төмен (1 263 теңге) белгіленді. МӘМС пакетіне қолжеткізу үшін БЖт төлеушілері 3 ай қатарынан бірден төлеуі тиіс.
МӘМС: қандай қызметтер көрсетеді
Медициналық сақтандыруға қатысушыларға табысы мен төлеген жарнасының көлеміне қарамай мемлекет кепілдік берген барлық медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл:
Консультациялық-диагностикалық көмек:
- ересектердіпрофилактикалық тексеруден өткізу;
- балаларды мамандандырылған тексеруден өткізу;
- қымбат диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық (КТ, МРТ, ПЦР және ИФА, т.б.) тегін көрсетіледі;
МӘМС бойынша ТМККК кіретін қызметтен бөлек, қосымша медициналық қызмет алуға болады:
амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту;
стационарлық көмек;
жоспарлы стационарлық көмек;
балалар мен ересктерге медициналық реабилитация: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология және ортопедия
Мемлекет кімдер үшін жарна төлейді?
МӘМС бойынша жеңілдік жасалған азаматтардың 15 санаты бар, олар үшін Медициналық сақтандыру қорына жарнаны мемлекет төлейді. Бұл:
- балалар;
- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
- үш жасқа жетпеген баласын бағыпжұмыссыз отырған аналар;
- бала тууына немесе жаңа туған шақалақты асырап алуына байланысты, үш жасқа толмаған баламен декреттік демалысқа шыққан азаматтар;
- мүгедек-баласын бағып, күтіп отырғандар;
- зейнеткерлік төлем алатындар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
- сот үкімімен қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп отырған сотталушылар;
- тергеу изоляторында отырған азаматтар;
- жұмыссыз жүргеноралмандар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері атанған көпбалалы аналар немесе «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы»орденінің иегерлері;
- мүгедектер;
- орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнына түскендер, университетен кейін білім алып жүргендер;
- бірінші топтағы мүгедек баласын кішкентайынан бағып-күтіп отырған жұмыссыз ата-ана;
- мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздар;
Сіз МӘМС не екенін және медициналық сақтандыру бойынша қалай емделуге болатынын түсіндіңіз бе? Егер қосымша сауалдарыңыз болса, барлық сұрақтарға www.fms.kz сайтынан және 1414, сондай-ақ, +7 (7172) 64-70-23, 64-70-66, 64-70-35,64-71-27, 64-71-06 нөмерлеріне хабарласып жауап алуға болады.
Сонымен қатар, толығырақ ақпаратты өз емханаңыздан біле аласыз