«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Қарғалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК

«Денсаулықсыз бақыт жоқ, біз көмекке дайынбыз»

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА...
Қарғалы аудандық ауруханасының Ащылысай және Әлімбет дәрігерлік амбулаторияларының медицина қызметкерлері ауыл тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы мен одан сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Коронавирус сырқатының елдегі орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайына орай ақпараттық-түсіндірме жұмыстары күнделікті жалғасатын болады.